Ата-аналарға » №1 орта мектеп-гимназия
Жетiсу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(778) 858 3802
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
+7(777) 847 7810
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Сарқан ауданы білім бөлімінің "№1 орта мектеп-гимназия" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Школа-гимназия №1 Сарканского районного отдела образования"

08
февраль
2023

Ата-аналарға

мектепалды даярлық тобының ата-аналарына жиналыс өткізілді. Ата-аналар жиналыстарын өткізудің мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгертуге қатысты ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тәрбиелеу-білім беру процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Міндеттері:
1) балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тарту;
2) ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;
3) балаларға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іске асыру үшін жайлы жағдай жасауда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру;
4) өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын, мектепке дейінгі ұйымның педагогтері мен ата-аналары арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау;
5) ата-аналар институтының жұмысын ұйымдастыру (жас аналар мектебі, әжелер мектебі, аталар мектебі, әкелер мектебі).
Ата-аналарға