Работа творческой группы » №1 орта мектеп-гимназия
Жетiсу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(778) 858 3802
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
+7(777) 847 7810
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Сарқан ауданы білім бөлімінің "№1 орта мектеп-гимназия" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Школа-гимназия №1 Сарканского районного отдела образования"

» » Работа творческой группы
18
март
2024

Работа творческой группы



2023 жылы «№1 мектеп – гимназия» КММ - де шығармашылық тобы құрылды. Ағымдағы тақырып: «Білім сапасын арттыру бойынша  жұмысы» Міндеттері:
- білім беру үдерісінде тиімді инновациялық технологияларды қолданатын мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай жасау;
- әдістемелік идеялардың электрондық банкі мен мұғалімдерді өзара әдістемелік қолдау үшін жұмыс істейтін виртуалды алаң құру, тәжірибе алмасу, шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізу;
- мұғалімнің қашықтан оқыту технологияларын толық меңгеруі және цифрландыру жағдайында өзін-өзі үздіксіз дамыту және кәсіби шеберлігінің өсуін қамтамасыз ету;
- оқыту үдерісінің сапасын арттыру;
- оқушының ақыл-ой, шығармашылық дамуын қамтамасыз ету.
Сабақ - оқу процесін жүзеге асыратын негізгі түрі, басты құрамдас бөлігі. Мұғалімнің басшылығымен сабақта оқушының оқу  - танымдық іс-әрекеті жүзеге асады.
«Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» - дәстүрлі емес сабақ, оны құрудың үлгілері мен стереотиптерін болжауға мүмкіндік беретін, сабақ туралы түсініктерін кеңейтеді.
«Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» - бұл жаңашыл сабақ, яғни сабақтың білімдік кезеңін нақты айқындайтын, оқушының танымдық іс-әрекетін анық, мазмұнды болуына қол жеткізетін динамикалы, вариативті жағынан жоғары, нәтижелі түрі.
Ақылды, инновациялық сабақты модельдеу негіздері 
Білім берудегі тиімді тәсілдер мен жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа әдісті жүзеге асыратын «Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» мына принциптерге негізделген:
1) «Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталды;
2) «Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» ақылды мақсат қою ұстанымдары бойынша ұйымдастырылды (SMART мақсаттары);
3) «Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» «SMART технологияларының» ең жоғары деңгейін қолдану арқылы ұйымдастырылды.