Стамбекова Бақтыбала Балгабекқызы » №1 орта мектеп-гимназия
Жетiсу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(778) 858 3802
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
+7(777) 847 7810
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Сарқан ауданы білім бөлімінің "№1 орта мектеп-гимназия" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Школа-гимназия №1 Сарканского районного отдела образования"

» » Стамбекова Бақтыбала Балгабекқызы
29
сентябрь
2022

Стамбекова Бақтыбала Балгабекқызы



Жоғарғы санатты  бастауыш сынып мұғалімі ретінде 43. еңбек  етті.  Жаңашылдықпен жұмыс жасайтын,  өз еңбегін жас   ұрпақ тәрбиесіне бағыттап, шәкірттеріне  сапалы білім, саналы  тәрбие   беру  ісінде  оқу   үрдісін  уақыт  талабына   сай  жетілдіріп, шығармашылықпен  жұмыс  істейтін, ізденімпаз, тәжірибелі ұстаз. Тәжірибелі ұстаз  жемісті еңбек еткен жылдары Құрмет грамоталарымен марапатталып, «Аға мұғалім» атағының иегері, ардагер ұстаз оқушыларға жылма - жыл, сапалы білім, саналы тәрбие беру арқасында әріптестері, ата - аналар арасында зор беделге ие. Еңбек  жолын  1977 жылы   Сарқан қаласындағы мектеп-интернатында тәрбиеші, бастауыш сынып мұғалімі, әдістемелік оку ісінің меңгерушісі, аудандық білім беру бөлімінің штаттан тыс  инспекторы қызметін атқарды. Талдықорған қаласындағы №5 Ломоносов атындағы мектеп- лицейінде 2004-2007 жылдары «12 жылдық білім беру» эксперимент жұмысын жүргізді.  Өзінің іс- тәжірибесін аудан, облыс, республика,халықаралық  деңгейде өткен байкау, оқу, курс, конференция, слет, кеңестерге қатысып, өз ойын бөлісіп, баспасөз арқылы жетілдіреді «12 жылдык білім жүйесіне көшу жағдайында оқыту мен тәрбие үрдісін жақсартудың проблемалары пен перспективасы» атты баяндамамен облыстық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, баяндама жинақ кітапқа енді . 2010 жылы Талдықорған қаласында жарық көрген, Халықаралық   ғылыми-практикалық   конференциясына ұсынылған  «Бастауыш мектепте дидактикалық ойындарды қолдану арқылы оқыту»тақырыбындағы   жұмысы енген. 2012жыл ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері  енген «Шәкірт   жүрегіне  жол  тапқан   ұстаз» атты жинақ кітапқа, Алматы қаласында «Ғылым» баспасы ЖШС  каталогына енді. 2010жылы аудандық білім беру бөлімінің «Мадақтама»№130, 2011жылы«ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойы»мадақтама, 2013жылы  Санк-Петербург қаласындағы «Психология және әлеуметтік институтта»  ғылыми әдістемелік жобадан  өткені үшін «Сертификат»берілді, 2013жылы Софийски университет   «Св.Кл.Охридски» педагогика   факультетінде өткен семинарға қатысқаны үшін «Сертификат» берілді,  2014 жыл   Германия  Дюссельдорф  қаласындағы   Халықаралық  білім беру ғылыми ақпарат орталығында  іс-тәжірибемен алмасып,   «Алғыс хатымен» марапатталды. 2015жылы Қазақстандық интернет журналға мақала жібергені үшін  «Куәлік» берілді. 2015 жылы халықаралық  «Инфоурок» жобасында « 15 сұрақ өмір қауіпсіздік  негіздері»  пәнінен     қашықтық  олимпиада оқушылары 2,3орын алғаны үшін «Куәлік» «Математика»   пәнінен   қашықтық  олимпиадаға дайындағаны үшін «Куәлік» ,  «Логика»   пәнінен    қашықтық  олимпиада оқушылары 3орын алғаны үшін «Куәлік» , оқушылары жеңімпаз болғаны үшін «Алғыс хатымен» марапаттады.  2015жылы 24қаңтарда «Жетісу »телеарнасынан «Өмір қауіпсіздік қызметі» айдарынан берген сұбхаты   ,« Өрт қауіпсіздігі » тақырыбына өткізген  ашық сабағы   көрсетілді.
 2017 жылы Республикалық  Құрмет грамотасымен, «Егеменді елдің үздік ұстазы»   төс белгісімен  марапатталды.
2018 жылы   Москва қаласынан  шыққан  халықаралық мұғалімдер энциклопедиясына  жарияланып       «Педагогическая  слава»    төс белгісімен  марапатталды.
Егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақтың әдепті, инабатты, парасатты, білімді, білікті  ,жан-жақты болып өсуіне өз үлесін қосқан  ұлағатты  ұстаз.   3 бала өсіріп, 10 немере тәрбиелеп отырған асыл  жар, салиқалы   әже.