1 қыркүйек. Білім күні! » №1 орта мектеп-гимназия
Жетiсу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(778) 858 3802
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
+7(777) 847 7810
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Сарқан ауданы білім бөлімінің "№1 орта мектеп-гимназия" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Школа-гимназия №1 Сарканского районного отдела образования"

» » 1 қыркүйек. Білім күні!
01
сентябрь
2022

1 қыркүйек. Білім күні!




Мектепте салтанатты жиын 1-ші қыркүйек күні сағат 9:00-де басталды. «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты тақырыпта жалпы мектепішілік алғашқы қоңырау мерекесі ҚР Гимнімен ашылып, Туына құрмет көрсетілді. Білім күні мерекесінде Сарқан қаласының әкімі А.М.Орынбеков, білім бөлімінің бас маманы Ж.А.Байтек және мектеп директоры Г.Сансызбаева алғашқы қоңырау мерекесіне қатысып, мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді, оқушыларды, ата-аналарды «1-қыркүйек Білім күнімен» құттықтап, жаңа басталғалы отырған оқу жылында ұстаз қауымына табыс тіледі. Салтанатты жиын ән шашумен жалғасты. Мерекелік іс-шараға арналған концерттік бағдарламада 1-11 сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. «Білім күнінің» алғашқы сабағы 1-11 сыныптар арасында  өз деңгейінде өткізілді.