№1 мектеп-гимназиясында 1 наурыз «Азаматтық қорғаныс және қоршаған ортаны қорғау» күніне орай өткізетін іс-шара » №1 орта мектеп-гимназия
Жетiсу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(778) 858 3802
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
+7(777) 847 7810
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Сарқан ауданы білім бөлімінің "№1 орта мектеп-гимназия" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Школа-гимназия №1 Сарканского районного отдела образования"

» » №1 мектеп-гимназиясында 1 наурыз «Азаматтық қорғаныс және қоршаған ортаны қорғау» күніне орай өткізетін іс-шара
01
март
2023

№1 мектеп-гимназиясында 1 наурыз «Азаматтық қорғаныс және қоршаған ортаны қорғау» күніне орай өткізетін іс-шара

2023 жылдың 28-ақпан күні «Сарқан аудандық білім бөлімінің  №1 мектеп-гимназия» КММ-де 1-наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай, жалпы нысанды сейсможаттығу  өткізу үшін мектепшілік бұйрық шығарылып, жауаптылар бекітілді.
  1-наурыз күні төтенше жағдайлар бойынша –жалпы нысанды сейсможаттығу тәжірибе іс-шарасы сағат 10:55 да басталып 10:57 те аяқталды. Жалпы нысанды сейсможаттығуға 693 адам қамтылды. Оның 627 ішінде  оқушы, 54 мұғалім және 12 кіші қызметкер. 
      Дабыл қоңырауы қағылғанда "БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗДЫҢ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА!!!" хабары таралды. Барлық қосымша есіктер арқылы әр пән мұғалімі эвакуация жоспарына сәйкес сыныпты мектеп ауласындағы қауіпсіз жерге шығарды.  Мектеп мұғалімдері №1 мектеп-гимназиясындағы Азаматтық қорғаныс штабының  құтқару тобының командирі А.Қасымов оқушылардың тізім бойынша түгелдігін тексеріп, №1 мектеп-гимназиясындағы Азаматтық қорғаныс штаб бастығына Т.М.Стакеевичке баяндады. Баяндама нәтижесінде  10-а сыныбының  оқушысы Мұратхан Мансұр  мектеп ішінде жарақат алып,  құтқару жасағының көмегімен қауіпсіз алаңға шығарылды. Жарақаттанған оқушыға «Жас құтқарушылар» тобының медбикелері тарапынан алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жалпы нысанды сейсможаттығу 2 минутта орындалды.