04
февраль
2026
1-сынып оқушыларының мектеп кітапханасына келуі




1-сынып оқушыларының мектеп кітапханасына келуі – өте маңызды әрі қызықты сәт. Бұл олардың кітаппен алғаш танысып, оқу мәдениетін қалыптастыру жолындағы алғашқы қадамы. 1 сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, оқырманымыз ретінде қабылданды. Бүлдіршіндер кітапхана ережесімен, кітапты күтіп ұстаудың жолдарымен таныс болды. Өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты кітаптар мен балаларға арналған журналдар топтамаларын қызыға тамашалады.


