16
январь
2026
Школьная библиотека









Кітапханалық-библиографиялық білімдерді насихаттау ісі – оқушылардың кітап оқуына басшылық ету ісінің табиғи бөлігі болып табылады. Оның мақсаты: балаларды оқу гигиенасына дағдыландыруға, кітапты күтіп ұстауға, оны дұрыс таңдауға, кітапхана қорын пайдалана білуге тәрбиелеу.
1-сынып оқушыларын кітапханамен таныстыру үшін кітапханаға саяхат ұйымдастырылды, оның мақсаты - оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру және оны күтіп ұстауға үйрету; бұл үшін кітаптарды түрлі-түсті етіп, суретті кітаптарды таңдап, "Ертегілер әлемі" атты көрмелер ұйымдастырылды.


