14
ноябрь
2025
Педагогтерге арналған “Олимп шыңы” Республикалық пәндік олимпиадасының 2-орын жүлдегері – Абдыкалыкова Айжан Пердебекқызы.


Педагогтерге арналған “Олимп шыңы” Республикалық пәндік олимпиадасының 2-орын жүлдегері – Абдыкалыкова Айжан Пердебекқызы.Бұл жетістік – ұстаздық жолдағы қажырлы еңбектің, білімге деген адалдықтың және шәкірттерге деген шексіз жауапкершіліктің айқын дәлелі. Айжан Пердебекқызы өзінің кәсіби біліктілігімен, шығармашылық ізденісімен және педагогикалық шеберлігімен ерекшеленіп, әріптестеріне үлгі бола білді.
Олимпиададағы жеңіс – тек жеке жетістік емес, ол білім беру саласының дамуына қосылған үлес, жас ұрпаққа сапалы білім беруге бағытталған еңбектің жемісі. Мұндай марапаттар ұстаздардың мәртебесін көтеріп қана қоймай, олардың қоғамдағы рөлін айқындайды.


