Педагогтердің айлық жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті? » №1 орта мектеп-гимназия
Жетiсу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(778) 858 3802
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
+7(777) 847 7810
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Сарқан ауданы білім бөлімінің "№1 орта мектеп-гимназия" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Школа-гимназия №1 Сарканского районного отдела образования"

» » Педагогтердің айлық жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті?
05
март
2025

Педагогтердің айлық жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті?

Педагогтердің айлық жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті?

🏫 Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың 300 мыңға жуығы аттестация қорытындысы бойынша біліктілік санаттары үшін үстемеақы алады.

💰 2020 жылдан бастап Президент тапсырмасына сәйкес, педагогтердің айлық еңбекақысы 100%-ға өсті. Сондай-ақ 2023 жылдың қыркуйегінен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артты. Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кәсіпорындардан тартылған мамандарға 30-35 % көлемінде үстемеақы қосылды.

📚 «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан кейін, мұғалімдердің жалақысының мөлшері білімінің, санатының (шебер, зерттеуші, сарапшы, модератор) деңгейіне және еңбек өтіліне, жүктеме көлеміне, сондай-ақ еңбек ету жағдайына байланысты қосымша төлемдер, академиялық дәрежесінің болуы (10 АЕК), тәлімгерлік етуі, сабақтан тыс спорттық дәрістер беруіне (базалық лауазымды еңбекақыдан 100%) байланысты қалыптасады.

📊 Осылайша, түрлі санаттарының болуына байланысты педагогтерге келесідей үстемеақы төленеді:
• Педагог-шебер – 50%
• Педагог-зерттеуші – 40%
• Педагог-сарапшы – 35%
• Педагог-модератор – 30%

❗️ Ауыл мұғалімдеріне ерекше көңіл бөлінуде – олардың жалақысы қалалық әріптестеріне қарағанда, кемінде 25%-ға